Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Анатолий Торкунов Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы: Жоғары деңгейдегі халықаралық шенеунік

12 Июнь 2021 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі халықаралық шенунік ретінде тамаша жұмыс істеді. Мұндай пікірді ресейлік дипломат, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анатолий Торкунов «Еңсеру» деректі фильмі барысында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектерінің жетістігі, әсіресе Қазақстан Президенті қол жеткізген биік мәртебесі әр уақытта да үлкен қуаныш екендігін баса айтты.

«Біздің барлық альбомдар мен қойын кітапшалардан Тоқаевтың суретін және ол жайлы жылы сөздерді міндетті түрде көресіз. Және де бұл жағымпаздық емес. Ол шын мәнінде шынайы, ізгі сезім. Мен Женевада кездестім. Ол жақта да Женевада тұратын және жұмыс істейтін Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектерінің қауымдастығы құрылған. Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздестім. Ол жоғары деңгейдегі халықаралық шенеунік ретінде мінсіз жұмыс істеді. Оның дипломат ретіндегі қасиетін ерекше атап өткім келеді. Өйткені, ұлттық елшілікте немесе ұлттық ведомствоға басшылық жасау бір бөлек. Ал ондаған елдің өкілі саналатын сан-алуан адамдармен жұмыс істеу мүлдем бөлек жайт», - деді ресейлік дипломат.


Муаллиф Марлан Жиембай
Калит сўзлар: Ресей, Қазақстан Президенті, ЖОО-лар,
Юқорига