Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Amazon» интернет дүкеніне 746 млн еуро айыппұл салынды

1 Август 2021 12:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Amazon»-ға 746 млн еуро айыппұл салынды. Еуропалық құпиялылықты бақылау қызметі алпауыт интернет дүкенде жеке деректерді өңдеу ЕО-ның Деректерді қорғаудың жалпы ережелеріне сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Айыппұлды екі апта бұрын «Amazon»-ның еуропалық штаб-пәтері орналасқан Люксембург ұлттық деректерді қорғау комиссиясы салған. Компания айыптауды жоққа шығарады және шағымданатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Еуропадағы деректерді қорғауды қадағалау органдары компанияға олардың жылдық жаһандық сатылымының 4%-ына дейін айыппұл салуға құқылы.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында француз информатика және азаматтық бостандықтар комиссиясы «Amazon»-ға пайдаланушылардың жеке ақпараты қамтылған cookie файлдарын олардың келісімінсіз пайдаланғаны үшін айыппұл салған еді. Компанияға 35 миллион еуро айыппұл салынған болатын.


Калит сўзлар: Заң, Ақпараттық технологиялар, Әлем,
Юқорига