Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтар Есентай өзенінің қазіргі жай-күйіне алаңдап отыр

20 Октябрь 2021 15:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары Есентай өзені арнасының қазіргі жай-күйіне алаңдаушылық білдірді. Себебі, қазір арнада су жоқ және түбі топырақ, тұнба, басқа да шөгінділерден тазартылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Facebook желісінд е тазаланбаған өзен түбінің суреттері пайда болды.

«Сәтпаевтан төмен Весновканың (Есентай) қазіргі көрінісі осындай», - деп жазды автор фото астында.

Желі қолданушылары да өздерінің наразылығын қалдырды.

«Весновка сұмдық... Миллион тұрғыны бар қаланың орталығы осындай... Әл-Фарабиден жоғары және төмен дәл осылай көрінеді... Жаз бойы су болған жоқ... Жазда ештеңе жасалмады... Су да жоқ, ағашты суару да жоқ... Әл-Фарабиден жоғары құрғақ көшеттер алынып, орнына жаңа көшеттер отырғызылды, бірақ суарылмайды... Құрманғазы көшесінің төмен жағындағы батпақтанған Весновкадан жаман иіс шығады», - деп жазды тұрғындар.

Бұл мәселе бойынша Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасында жауап берді.

Басқарманың мәліметінше, аталған учаскедегі Есентай өзенінің арнасын реконструкцияға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін қаражат бөлуге бюджеттік өтінім беріледі.

«Қаражат бөлінген кезде жобаны әзірлеу жұмыстары басталады. Қазір су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейін Есентай өзені арнасының су қорғау белдеуі учаскесін реконструкция жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Есентай өзені суының бір бөлігі Кіші Алматы өзеніне жіберіледі. Жоғарыда айтылғандарға байланысты су деңгейі уақытша төмендеді. Жұмыстар қараша айының соңында аяқталады», - деп түсіндірді басқарма.

Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің арналарын тазарту жөніндегі бағдарламаның әкімшісі - «Қазселденқорғау» ММ.


Муаллиф Думан Арғынгелді
Калит сўзлар: Экология, Алматы,
Юқорига