Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді

16 Январь 2022 22:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді. 17-19 қаңтар күні таулы аймақтарда қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Жауын-шашын күтіледі.

Осыған байланысты ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарына мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс;

- Егер сіз кішігірім топырақ көшкіндерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкіні болуы мүмкін;

- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз;

- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді;

- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін;

- Рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды;

- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз;

- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Ауа райы, Алматы, Қазгидромет,
Юқорига