Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жас жігітті соққыға жыққан адам ұсталды

8 Декабрь 2021 11:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас жігітті соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінде оқиға 5 желтоқсанда Ақбұлақ ықшамауданында болғанын еске салды.

«Көліктің тұрақ орны үшін туындаған ерегісте 39 жастағы жергілікті тұрғын қарсыласына ауыр дене жарақаттарын салды. Оқиға ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу, оның мән-жайын анықтау және кінәліні жауапқа тарту мақсатында Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде арнайы жедел тергеу тобы құрылды», - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Күдікті анықталып, ұсталды. Ол 1982 жылы туған П. есімді азамат. Ер адам қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін зардап шеккен жігіттің туыстары төбелес куәгерлерін іздеп жатқаны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.


Муаллиф Думан Арғынгелді
Калит сўзлар: Оқиға, Қылмыспен күрес, Алматы,
Юқорига