Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаңа жол-көлік айрықтары салынады

27 Январь 2022 15:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көшелер ұзартылып, жаңа көлік айрықтары салынады. Бұл туралы Әкімшілік полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Саин көшесімен Мөңке би көшесінің қиылысында көлік айрығын салу, сондай-ақ Төле би даңғылын ұзарту жұмыстарын бастау жоспарлануда.

«Биыл сондай-ақ Абай даңғылы, Саин көшесі, Әуезов көшесін созу, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында, Құлжа тас жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысында көлік айрығын салу, сондай-ақ «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» бекеттері бар ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын метро желісін пайдалануға беру жоспарда бар.

Бұдан бөлек, «Думан» ықшамауданындағы ұзындығы 30,5 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, «Алғабас», «Қайрат», «Әлмерек» ықшамаудандарындағы 43,1 шақырымды құрайтын 141 көшеде жол құрылысын аяқтау жоспарлануда», – деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Сондай-ақ бөлімшеде өткен жылы Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі қиылысында көлік айрығы іске қосылғанын атап өтті.


Муаллиф Думан Арғынгелді
Калит сўзлар: Аймақ, Құрылыс, Көлік, Жол, Алматы,
Юқорига