Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда заңсыз сатылған ұңғыма мемлекетке қайтарылды

21 Сентябрь 2021 16:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда заңсыз сатылған ұңғыма мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомстваның мәліметінше, Алматы қаласы прокуратурасының талап арызы бойынша Бостандық ауданындағы «Ерменсай» шағынауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін су сорғыш станциясы бар ауданы 1 га жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

«Талдау 2007 жылға дейін әлеуметтік маңызы бар нысан мемлекеттік меншікте, «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық басқару құқығында болғаны анықталды.

Алматы облысы, Қарасай ауданы әкімдігінің және «Еңбек» РМК қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз «О» ЖШС жерін 470 400 теңгеге заңсыз сатқан. Бұл лауазымды тұлғалар әртүрлі қылмыстар үшін сотталған болатын»,- деп хабарлады прокуратурадан.

Ұңғыманы сатқаннан кейін компания аудан тұрғындарына суды сата бастаған.

«Алайда ауыз судың сапасы, кәріз желісінің тозуы және тарифтердің тұрақсыздығы аудан тұрғындарының наразылығын тудырды, сондай-ақ осы фактілер бойынша әртүрлі органдарға көптеген өтініштер келіп түсті.Талдау қорытындысы бойынша прокуратура Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінді. Сот талап арызды толық көлемде қанағаттандырды, атап айтқанда, ұңғымамен учаскені сатып алу-сату шарты және жекеменшік құқығы актісі жарамсыз деп танылды»,- деп атап өтті ведомствадағылар.

Қазіргі уақытта объектіні қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау рәсімі жүріп жатыр, оның кадастрлық құны 60 млн теңгеден асады.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Алматы, Қылмыспен күрес,
Юқорига