Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда «Orda  ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті

22 Сентябрь 2021 19:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Ұлттық кітапханада «Orda ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға «OrdaGen» жобасының негізін қалаушы, идея авторы Айбек Қуатбай, жоба директоры Парасат Тәнен, Алматы қалалық мәдениет және білім басқармасының басшылары және балалар әдебиетінің жанашырлары қатысты.

«Соңғы 30 жылда Қазақстандағы балалар аудиториясы үшін өзіміздің ана тілімізде жарық көрген тың дүниелер аз. Ал нарыққа шыққан контенттің басым көпшілігі - батыс өнімдері. Осы мәселеге тамшыдай болсын үлесімізді қосу үшін «Ордаген» жобасын жүзеге асырдық. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы уақытта бүлдіршіндерімізге «Ордагеннің» танымды дүниелерін ұсынып, ұлт үшін қызмет ете береміз. «OrdaGen» 30-жасқа қадам басқан азаматтардың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған сыйлығы»,- деді «OrdaGen» жобасының директоры Парасат Тәнен.




Жаңа оқу жылының қарсаңында «Orda Joly» атты білім экспедициясы жолға шығыпты. Экспедицияның мақсаты жайлы «OrdaGen» жобасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай айтып берді.

«Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялады. Бұл балалар тәрбиесіне аса зор көңіл бөлуіміз керек екенін көрсетеді. Президент Жарлығын негізге ала отырып, Bugin холдингінің қолдауымен «Orda Joly» білім экспедициясы өз сапарын бастады. Мақсатымыз – Қазақстанның әр өңірін аралап, көзінде шырағы бар өрендерді қолдау»,- деді ол





Юқорига