Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда мас күйінде көлік айдаған 21 жүргізуші ұсталды

29 Май 2022 01:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда мас күйінде көлік айдаған 21 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының жергілікті полиция қызметі, 25 мамырда басталған рейдтік іс-шараның аралық қорытындысын шығару барысында осындай мәліметтерді келтіреді.

«Төрт күннің ішінде қала жолдарында 768 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Олардың ішінде, 56 көлік мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрсе, 15 көлік жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген. Көлігін техникалық байқаудан өткізбеген 34 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 2 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, оларға дыбыс және жарық сигналдарын беретін құрылғылар орнатылған. Сонымен қатар, мас күйінде көлік айдаған 21 жүргізуші ұсталды», - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.

Спикер жолдардағы рейдтік шаралардың жалғасатынын атап өтті.

Ол жолдың қателікті кешірмейтінін еске салып, барша жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Алматы, Полиция, Көлік,
Юқорига