Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда көліктің үстіне алып ағаш құлады

26 Ноябрь 2021 17:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығында ескі алып ағаш көлік үстіне құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бейнежазбадан алып ағаштың жеңіл көлікті басып қалғанын көруге болады.

Оқиға 26 қарашада Гоголь мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық ТЖ департаментінің мәліметінше, түскі сағат 13.19-да Медеу ауданының полицейлерінен хабарлама түскен.

«ТЖД-ға Медеу аудандық полиция басқармасынан Қалдаяқов көшесі, 28-үйдің жанында «Киа RIO» маркалы автокөлігіне ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы қаласы әкімінің аппараты, «Алматы Тазалық» ЖШС, 109 құтқару қызметінің мамандары дереу жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары аяқталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,- деп хабарлады ведомствадан.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Оқиға, Алматы, Көлік,
Юқорига