Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда бизнесіне залал келген кәсіпкерлерге өтемақы беріледі

26 Январь 2022 20:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бизнес субъектілеріне келген залал сомасын айқындау жөніндегі Өңірлік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік комиссия төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, кейбір шағын кәсіпкерлер қанша және не жойылғанын, ұрланғанын құжаттай алмай отыр. Мұндай жағдайларда, мемлекеттік өтемақы алу үшін, аудит пен бағалау жүргізу қажет. Бірақ бұл өте күрделі процедура, оған көп уақыт кетеді.

«Біз шағын кәсіпкерлер үшін ірі бизнестен көмек сұрап, оларға жүгіндік. Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе бірден жауап берді. Олар 450 шағын кәсіпкерге 3 млн теңгеге дейінгі шығын сомасымен бюрократиялық процедурасыз тез көмектесу үшін өздерінің жеке қаражатынан 579 млн теңге бөлуді шешті. Бұл тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен барлық бизнес субъектілерінің 28%-ын құрайды. Осы қолдаудың арқасында, біз барлық өтінімдердің үштен бірін жабамыз», - деді Мақсат Қиқымов.




Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, Алматыда тәртіпсіздік пен тонау салдарынан 1581 кәсіпкерлік субъектісі зардап шекті. Шығын сомасы 45,6 млрд. теңгені құрады. Залал сомасын айқындау жөніндегі Өңірлік комиссия зардап шеккен объектілер бойынша, оның ішінде, жергілікті жерлерге шыға отырып, деректерді жинауды жалғастыруда.





Юқорига