Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда алаяқтар жалға алынған қымбат пәтер мен көліктерді сатып отырған

17 Сентябрь 2021 12:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жалға алынған пәтер мен көлікті сатып жіберетін екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1983 және 1985 жылы туған ер адамдар бірнеше ай бойы қымбат көліктер мен пәтерлерді жалға алып, оларды қысқа мерзімде арзан бағаға қайта сатқан.

«Сатып алушыларды таныстар арқылы тауып отырған. Олар сатып алушыларға жылжымайтын мүліктің құжаттарын кейінірек береміз деп сендірген. Осы сөзге алданып қалған азаматтар ақшаны толық төлеген. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары барысында «дуэттің» қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтары анықталды»,- деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта оларға қатысты тағы бес қылмыстық эпизод дәлелденді.

Тергеу кезеңінде ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Егер сіздер осы адамдардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен болсаңыздар, бізге мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: + 7-708-707-92-02; + 7-705-555-77-63; + 7-775-774-44-41 және + 7-775-106-18-84» деді полиция өкілі.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Оқиға, Алаяқтық, Алматы, Заң,
Юқорига