Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 88 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

18 Январь 2022 14:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 871 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 қаңтар күні 3 871 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 17 қаңтар аралығында қалада 1 088 922 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 037 087 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 573 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 34 015 адам салдырды.

Оның ішінде 1865 жүкті әйел, 7 064 бала емізетін ана және 25 086 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 88 319 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцина бригадасында 522 медицина қызметкері жұмылдырылды», - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Вакцина, Ревакцинация, Алматы, Медицина, Коронавирус,
Юқорига