Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 17 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды

6 Декабрь 2021 11:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1089 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 желтоқсан күні 1089 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 536, II компонентін – 553 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 5 желтоқсан аралығында қалада 1 028 191 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 985 289 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 544 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 16 968 адам салдырды. Оның ішінде 995 жүкті әйел, 3513 бала емізетін ана және 12 460 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Алматы, Коронавирус, Вакцина,
Юқорига