Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 14 жасар қыз жоғалып кетті

17 Сентябрь 2021 13:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірім 16 қыркүйек күні Алатау ауданындағы №91 мектептен кешкі уақытта шығып кеткен.

«Үстінде қара футболка, қара джинсы, аяғында ақ түсті кроссовка, қолында рюкзак болған. Оның шашы қызғылт сары түске боялған, дене бітімі орташа. Бойы - 160-165 см»,- деп хабарлады еріктілер.

Полицияның мәліметінше, қыздың ата-анасы құзырлы органға түнде шағымданған.

«Қазіргі уақытта іздеу шаралары ұйымдастырылды. Мән-жай анықталып, қыздың жан-жағындағы адамдардан сұрастырып жатырмыз», - деп атап өтті Алатау аудандық полиция басқармасы.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Оқиға, Алматы,
Юқорига