Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының ең үздік жастары 20 номинация бойынша анықталды

30 Ноябрь 2021 01:34

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғары жетістіктерге қол жеткізген өңір жастарына Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы - 2021» жастар сыйлығы табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» аталымының жеңімпазы – Мержан Төлегенов. Талдықорған қаласының тұрғыны Республика көлемінде өткен конкурстар жеңімпазы.

Ал «Жас әскери қызметкер» жүлдесі Алакөл ауданының тұрғыны Мурод Махаметовке бұйырды. Ол ҚР Қорғаныс министрінен ерлігі мен батылдығы үшін атаулы шендермен марапатталған, Таэквандо спорт түрінен спорт шебері, Армиялық жекпе-жек ұрысынан спорт шебері.





«Үздік жас дәрігер» жүлдесін Ескелді ауданының тұрғыны Ткенбаев Саят жеңіп алды. Ескелді аудандық орталық ауруханасының емхана меңгерушісі, жалпы тәжірбиелік дәрігер. «Еңбек жолы» облыстық конкурсында «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша ІІ орын жеңімпазы.

«Үздік жас ұстаз» номинациясын Кербұлақ ауданының тұрғыны Әлішер Кәрімжанов иеленді. Ол «Жас ғалым» ғылыми-зерттеу жоба жарысында жаратылыстану бағыты бойынша I орын алған. Аудан, облыс көлемінде құрмет грамоталармен марапатталған.

«Үздік жас ғалым» аталымы талдықорғандық Ғалымжан Ахметке бұйырды. Ол ҚР Ақпарат және қоғам дамыту министрлігінің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбында жобалық грантқа қатысып, 15 студентке дәріс оқып, практика жүзінде қоғаммен жұмыс жүргізген.





«Үздік жас спортшы» номинациясын Ескелді ауданының тұрғыны Абдуллин Ильфат жеңіп алды. Ол 2017 жылы Жазғы универсиадада I орынды иеленген және келесідей жетістіктерге қол жеткізген: жылдың ең үздік спортшысы, 2018, 2019, 2020,2021 жылдары; Индонезияда өткен 18-ші Азия ойындарында 5-орын; Токиода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы;

«Үздік жас журналист» аталымы Талдықорған қаласының тұрғыны Кәмшат Мұхамеджанға бұйырды. Ол 2020 «Ақпарат таратудағы үздік тілші» номинациясын (Түркітілдес журналистер қоры) жеңіп алған және келесідей жетістіктерге жеткен: - 2019 жылы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы І орын; 2019 жылы «Мемлекеттік қызметті БАҚ-та насихаттау» бойынша журналистер арасындағы облыстық байқау ІІІ орын; мемлекеттік және жергілікті органдар басшыларының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

«Үздік жас кәсіпкер» – Жанат Тәтібаев (Кеген ауданы). Ол «Хасан» балабақшасының директоры, «Чикен» суши орталығының директоры; Аудан көлемінде «Үздік жас кәсіпкер» номинациясымен марапатталған.





«Үздік жас батыр»– Бауыржан Қабидолланов (Текелі қаласы). Ол Текелі қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінен 65 жастағы ер адамды алып шықты. Улы газдың иісінен уланған ер адамды өзінің қымбат минуттарын жоғалтпай пәтерге балкон арқылы кіріп, қарт адамды эвакуациялаған; Алматы облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигінің алғыс хатымен марапатталған.

Ал «Ауыл шаруашылығының үздік маманы»– Алмаз Батырхан (Панфилов ауданы). Ол Мал шарушылығы, соның ішінде ешкі шаруашылығымен 2012 жылдан бері айналысып келеді, сонымен қатар асыл тұқымды жылқы өсіреді. «Zhas project» жобасы бойынша қайтарымсыз 1 млн теңгелік грантын ұтып алған; «Бизнестің жол картасы» жобасы аясында 2,5 млн грант ұтып алған.





«Үздік жас отбасы» жүлдесін Нүрпейсовтар отбасы (Сарқан ауданы) жеңіп алды. Шаңырақ иесі -Нурпейсов Абай Серікқазыұлы. Бұл жанұя облыстық, аудандық «Жас отау» жас отбасылар байқауында Бас жүлдені қанжығаларына байлаған. Жас отбасы 3 баланы тәрбиелеуде. 6 жыл бұрын шаңырақ көтерген. Отағасы да, жары да мектепте ұстаз болып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, «Үздік ерікті», «Үздік студент» сынды барлығы 20 номинация бойынша үздіктер марапатталды.

Әр жеңімпазға 250 мың теңгенің ақшалай сертификаты және «Көшбасшы» мүсіншесі табысталды. Айта кетейік, «Көшбасшы» байқауы Алматы облысында 2010 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылып келеді.


Муаллиф Самал Қабышева
Калит сўзлар: Аймақ, Алматы облысы, Жастар, Қоғам,
Юқорига