Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында бір тәулікте 354 адамнан коронавирус анықталды

24 Январь 2022 11:11

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бір тәулікте 354 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 354 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 299 симптомдық және 55 симптомсыз жағдай.

354 жағдайдың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 76, оқушылар арасында – 43, студенттер арасында – 5, мұғалімдер арасында – 13 және күш құрылымдарының қызметкерлері арасында 2 жағдай анықталды.

Облыс өңірлері бойынша КВИ аурушаңдығы: Алакөл-43, Еңбекшіқазақ-7, Ескелді-22, Жамбыл-24, Қарасай-21, Қаратал-21, Кербұлақ-22, Панфилов-30, Райымбек-12, Сарқан-18, Кеген-9, Талғар-16, Ұйғыр-20, Талдықорған-82, Текелі 7 адамнан тіркелді.

«Пандемия басталғаннан бері және 24 қаңтардағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 61 619 жағдай тіркелген. Оның ішінде 47 312 жағдай симптомдармен.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2872,5 құрады.

Соңғы екі аптаны салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,4% - дан 0,7% - ға дейін ұлғайды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Юқорига