Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлеуметтік аз қамтылған борышкерлер жалғыз баспанасынан шығарылмайтын болды

24 Сентябрь 2021 18:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласының әкімдігімен әлеуметтік аз қамтылған борышкерлерді ипотека қарызы үшін жалғыз баспанасынан шығармау туралы меморандумға қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы әкімдігі, Банк омбудсмені, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің ипотекалық қарызы үшін жалғыз тұрғын үйін алып қою және жалғыз баспанасынан шығару шараларын тоқтата тұруды көздейтін өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды», - деп жазылған агенттік берген түсініктемеде.

Агенттіктің баспасөз қызметі мамандар меморандум жобасымен маусым айынан бері жұмыс істегенін, әзірге меморандум Алматы қаласының әкімдігімен ғана қол қойылғанымен, шара кейін бүкіл республиканы қамтитынын айтады.

«Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 12 ай қбойы күшінде болады», - деп жазылған агенттіктің ресми мәліметінде.


Муаллиф Есімжан Нақтыбай
Калит сўзлар: Банктер, Заң, Әлеуметтік қолдау, Тұрғын үй,
Юқорига