Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлемнің 43 елі  QazVac вакцинасын алуға дайын

27 Январь 2022 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің 43 елі QazVac вакцинасын алуға дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық ғалымдардың күмәнсіз табысы Биологиялық қауіпсіздік мәселелерді жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеуі болды. Біз бүгінде одан ары ілгерілеп келеміз. Қазіргі уақытта BSL-3, BSL-4 құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің рөлі де зор», - деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Вице-премьер мұнан ары да бірлескен жұмыстың жалғасатынын баса айтты.

«Елдің атын шығарған үлкен жоба болғанын бәріңіз жақсы білесіздер деп ойлаймын. 6 мемлекеттің ішінен бесінші болып Қазақстан өзінің вакцинасын шығарған елге айналды. Сондықтан бұл үлкен жетістік. Ғалымдардың бәріне рақметімізді айтамыз. Ары қарай да жұмыс көп. Бірге жалғастыруымыз керек. Олардың алдына қойылған тапсырма да бөлек. Қазір 43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын екендігін білдіріп отыр», - деді Ералы Тоғжанов.


Юқорига