Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде карантин шектеуі тағы күшейтілді

29 Июль 2021 13:41

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде сенбі-жексенбі күндері дәмхана, асхана, монша мен сауна жұмыс істемейді. Бұған дейін базарлар мен сауда-ойын-сайық кешендеріне осындай талап қойылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева жаңа Қайлыға қол қойды. Қаулы 2-тамыздан бастап күшіне енеді.

«Азық-түлік, мал және азық-түлік емес ашық базарлар, жабық базарлар, монша, сауна, СПА-орталықтар мен бассейн, жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес клубы, соның ішінде йога орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, діни объектілер, мейрамхана, дәмхана және кофехана типті қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, асхана, ашық аспан астындағы аквапарктер сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Сонымен бірге жексенбі күні азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер жабылады. Қоғамдық көлік бұған дейін де жексенбі күні жүрмеген», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Ал «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін қызмет көрсету орындарында жұмыс уақыты шектелді. Мәселен, дәмханалар 07:00-20:00 аралығында қызмет көрсете алады. «Лидер» мәртебесін алған кәсіпкерлер 07:00-22:00-ге дейін бизнесін жүргізуге рұқсат алды. Жағажайлар әлі де жабық. Жұмыс күндері базарлар 09:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Талап бойынша екінші деңгейлі банк, ХҚКО, пошта жұмыс күндері 09:00-18:00 аралығында ғана ашық болады.
Муаллиф Алтынай Сағындықова
Калит сўзлар: Қоғам, Ақтөбе облысы, Карантин,
Юқорига