Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде ата-анасы ішімдік ішіп, қараусыз қалдырған 2 айлық сәбиге көмек көрсетілді

30 Июль 2021 16:56

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ішімдік ішкен ақтөбеліктер 2 айлық сәбиге қарамай, ұйықтап қалған. Көршілері бала дауысынан оянып, полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 03:30-да тіркелді. №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Макаренко көшесінің тұрғындары хабарласқан.

Баланың жылап жатқаны туралы хабарламадан соң мекенжайға полиция қызметкерлері жіберілді.

Пәтерден 2 айлық нәресте табылды. Ана-анасы үйде мас күйінде жатыр.

«Тексеру кезінде анасының, 32 жастағы әйелдің ішкі істер органдарының есебінде тұрғаны белгілі болды. Сондықтан полицейлер баланы бөлімге жеткізді. Алғашқы көмек көрсетіп, киіндіріп, сүт берді. Жедел медициналық қызметті шақырылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта 2 айлық бала сәбилер үйіне жатқызылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Ата-анасы қолайсыз отбасы ретінде полиция есебіне алынды. Алдағы уақытта оларды ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қарастырылады.


Муаллиф Алтынай Сағындықова
Калит сўзлар: Оқиға, Ақтөбе облысы,
Юқорига