Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе жол апатынан үш адам ауруханаға түсті

19 Июнь 2021 14:43

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті. Оның біреуі төрт жасар бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тойота Alpard» автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласынан Дөң ауылына бағыт алып, алдында келе жатқан «Nissan Europe» автокөлігін басып озбақ болады. Бірақ маневр жасау туралы белгі бермей және алдындағы көліктің жол бергеніне көз жеткізбегендіктен екі көлік соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан «Toyota Alpart» автокөлігінің үш жолаушысы, оның ішінде 4 жасар қыз Хромтау ауданының ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау керектігін ескертеді»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.








Муаллиф Алтынай Сағындықова
Калит сўзлар: Оқиға, Көлік, Ақтөбе облысы,
Юқорига