Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтаулық тұрғыннан салық қарызы үшін көлігі тәркіленді

21 Сентябрь 2021 15:35

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Ақтаулық азаматтан салық қарызы үшін көлігі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемегендерге қатысты шара қолдана бастады.

Полиция қызметкерлері және сот орындаушыларының көмегімен борышкерлердің автокөліктері көшеде ұсталып, айыппұл тұрағына жеткізіледі.

Мәселен, салық қарызы 750 мың теңгеден асатын Ақтау тұрғынының автокөлігі айыппұл тұрағына жеткізілді. Көлік Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Әкімшілік полиция және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қызметкерлері жүргізген рейд барысында тәркіленді.

Көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша берешегі бар автомобильдерді анықтау және арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейд жүргізу кезінде 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін салық бойынша берешегі үшін «Mersedes» маркалы автомобиль тоқтатылды. Аталған темір тұлпар иесінің көлік салығы бойынша қарыздың жалпы сомасы 750 мыңнан астам теңгеге жеткен.

Қарызды өтегенге дейін көлік полицияның арнайы айыппұл тұрағында болады. Рейд жыл соңына дейін жалғасады.


Муаллиф Қаракөз Марат
Калит сўзлар: Қоғам, Көлік, Экономика, Маңғыстау облысы,
Юқорига