Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтауда Ұлттық ұлан қатарын 200-ден астам сарбаз толықтырды

23 Январь 2022 16:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656-әскери бөлімінде 200-ден астам сарбаз салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтанов мәлім еткендей, Ұлттық ұлан қатарын толықтырғандар Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шақырылған.

Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес ант беру рәсімі карантиндік талаптарға сәйкес өткізілді.




Салтанатты жиында 6656-әскери бөлімінің командирі, подполковник Марат Рахпанов жаңадан келгендердің өз әскери борыштарын адал атқаратынына сенім білдірді.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ұлттық ұлан жауынгерлерін өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, ел сенімін ақтауға шақырды.

«Қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты, елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ете отырып, сарбаздар Қазақстанның одан әрі дамуына өз үлестерін қосады. Аға буынның ерлігі мен әскери дәстүрінен үлгі ала отырып, Мемлекет басшысы қойған тапсырма-міндеттерді адал орындау – басты міндет», деді өңір басшысы.




«Біз Отанымыздың лайықты қорғаушылары болуға уәде береміз. Бір-бірімізге жәрдемдесіп, тұрмыста да, оқуда да қолдайтын боламыз. Бір жыл көп уақыт емес. Осы мерзімде өзіміздің үздік қасиеттерімізді көрсетіп үлгеруге тырысамыз», деді Ақтөбе қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Болат Оразов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 200-ден астам сарбаздың ант қабылдағанын жазған болатынбыз.





Муаллиф Елжан Ералы
Калит сўзлар: Маңғыстау облысы, Әскер,
Юқорига