Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық полицейлер қаза тапқан әріптестерінің жесірлері туралы фильм түсірді

23 Июнь 2021 22:31

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Кәсіби мерекелері қарсаңында ақмолалық полицейлер қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әріптестері әйелдерінің өмірі туралы түсірген «Жизнь после...» деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаментінде Тәуелсіздік жылдары қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция департаментінің басшылығы, қызметтер мен басқармалардың бастықтары, жеке құрам өздерінің қаза тапқан әріптестерінің жұбайлары қатысты.

Жиналғандар қаза болған полиция қызметкерлеріне арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.





«Біздің отбасымыз қайғы жұтқан кезде мен екі баламен жалғыз қалдым. Ол кезде кішкентай балам болғандықтан жұмысыз үйде отырған едім. Өмірде көпті көрдім. Жақсысы да, жамандығы да болды»,- дейді Шолпан Тнеева. Ол қаскүнемді ұстау кезінде қайтыс болған полиция капитаны Николай Тнеевтің жесірі.

Шара барысында «Жизнь после...» фильмі ұсынылды. Жоба авторлары қызметте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің әйелдерінің қиын тағдырларын көрсетуге тарысқан. Фильм 2 бөлімнен тұрады. Деректі фильмнің екінші бөлімі қаза тапқан қызметкерлердің балаларының тағдырына арналған.

Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндетін орындау кезінде Ішкі істер министрлігінің 800 қызметкері, оның ішінде Ақмола облысының 32 полицейі қаза тапты. Олардың ішінде Қазақстан Республикасындағы жалғыз әйел, подполковник Ботагөз Магазовна Бижанова бар.

Деректі фильмде ақмолалық полицейлердің жесірлері жалғыздық жылдары басынан өткен сынақтар туралы естеліктерімен бөлісіп, оларға қайғы-қасіретті жеңуге және өмір сүруді жалғастыруға не көмектескені туралы айтып берді.

Фильмнің екінші бөлімі қаза болған полиция қызметкерлерінің балалары туралы баяндалады.





Муаллиф Аслан Оспанов
Калит сўзлар: Ақмола облысы, Қоғам,
Юқорига