Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында мектептен өрт шықты

26 Октябрь 2021 14:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Зеренді ауданында мектептен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт биылғы жылғы қазанның 26-да Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде орын алған.

Тілсіз жау 40 шаршы метр алаңда шарпыды.

«Өрт 02:05-те ауыздықталып, 15 минут ішінде сөндірілді. Өрттің шығу себептері анқыталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомстводан.

Облыстық білім басқармасынан атап өткендей, өрт шыққан мектептеде сабақ осы аптаның соңына дейін онлайн режимге өтеді.

Осы ретте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлық тұрмыстық электр аспаптарын қолданғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.


Юқорига