Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында мал басы көбейді

18 Июнь 2021 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі мал басы артқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ірі қара мал басының саны 3,2 пайызға (545 мыңға дейін) өскені тіркелді. Сонымен қатар ұсақ мал басы 3,5 пайызға (740 мыңға дейін), жылқы – 7,5 пайызға (248,4 мың бас), құс саны 25 пайыз (9,5 млн) артты», - деді Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, етті және сүтті мал шаруашылығына ерекше екпін қойылып отыр. Биыл 6 мың бас асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу арқылы етті фермаларды құру бойынша 112 жобаны жүзеге асыру басталды. Сонымен қатар 4 мың бас малды қамтитын 19 сүтті-тауарлық ферма іске асырылып жатыр.

Осы орайда ол облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері тұрақты түрде елордаға азық-түлік өнімдерін жеткізіп жатқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, облыс әкімі 2021 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген бағыттарында жоспарлы индикаторлар орындалғанын айтты.

Муаллиф Руслан Ғаббасов
Калит сўзлар: Ақмола облысы, Ауыл шаруашылығы,
Юқорига