Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылғандар туралы мәлімет берді

27 Январь 2022 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Алматыдағы ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылған азаматтардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі күн бұрын БАҚ-тың бірі 9 қаңтарда қылмыстық іс қозғалуына байланысты жараланған азаматтарды ауруханадан Алматының тергеу изоляторына ауыстырғаны туралы әлеуметтік желіге видеоны жариялады. 25 қаңтардағы жағдай бойынша қамауға алынған 63 азаматтың 29-ы ауруханаларға емделуге жіберілді», - деді ол «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде.

Сондай-ақ, осыған ұқсас жайттарға тап болғандар Адам құқықтары жөніндегі уәкілге немесе кезекші прокуорларға хабарласа алатынын атап өтті.

«Изолятордың медициналық бөлімінде қазіргі уақытта 12 адам бар. Қалған 29 адам амбулаториялық ем алуда және оларға азаматтық дәрігерлер тұрақты бара бастады. Сонымен қатар, кересінше жайттарды дәлелдейтін хабарламалар болса, бізге және кезекші прокурорларға хабарласуыңызды өтінеміз», -деді Элвира Әзімова.


Муаллиф Есімжан Нақтыбай
Калит сўзлар: Алматы, Алматы трагедиясы, Заң,
Юқорига