Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

600-ден астам шетелдік Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеуге рұқсат сұрады

24 Май 2022 20:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Биыл Солтүстік Қазақстан облысында жұмысқа тұруға рұқсат алу үшін 600-ден астам шетелдік мигрант өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 3259 шетел азаматы уақытша тұрып жатыр. Жыл басынан жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшін 600-ден астам мигрант өтініш білдірді. Олардың ішінде 56 әйел үй қызметкері, аспаз, күтуші болып жұмыс істеуге келген. Еңбек мигранттарының дені Өзбекстан, Тәжікстан және Әзербайжан азаматтары.

«Еңбек мигранттарына қатысты 277 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстанның 15 азаматы жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің тиісті рұқсатсыз еңбекпен айналысқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» 517-бабымен жауапкершілік қарастырылған», - дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жыл басынан тиісті рұқсатсыз жұмыс істеуге қатысты 54 құқық бұзушылық анықталды. Заңды бұзғандарға 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады және ел аумағы шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы қолданылады.


Юқорига