Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

4 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 Ноябрь 2021 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 29 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 қараша мен 1 желтоқсанда Алматы облысының Алакөл өзендері ауданындарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

29 қарашада Түркістан облысының оңтүстік аудандарында тұман сақталады.

28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.


Калит сўзлар: Қазгидромет, Ауа райы,
Юқорига