Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

26 Сентябрь 2021 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 27 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 09.00-де Ritz-Carlton Astana қонақүйінде Сауд Аравиясы Корольдігінің Инвестиция министрі Халид Аль-Фалиханың Қазақстан Республикасына сапары аясында инвестициялық бизнес-форум өткізу жоспарланып отыр.

Сағат 09:30-да «Astana Media Week-2021» медиапталығының ашылуы болады.

Сағат 11:00-де онлайн-трансляция форматында «STOP трафик» шұғыл-алдын алу шарасының қорытындысы» тақырыбында ҚР ІІМ брифингі өтеді. Спикер: ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Болатұлы.

Сағат 15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру шаралары жөнінде брифинг өтеді. Спикерлер: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Денсаулық министрі Алексей Цой, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. Брифинг «Хабар 24» телеарнасында, PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда тікелей көрсетіледі.


Калит сўзлар: Қоғам, БАҚ,
Юқорига