Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

2,5 млн-ға жуық қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алады – министрлік

29 Май 2022 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Амбулаториялық қамтамасыз ету аясында шамамен 2,5 млн қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«2022 жылғы қаңтардан бастап азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, ведомство дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге, тегін амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттардың тізбесін кеңейтуге, оның ішінде орфандық аурулары бар пациенттерді дәрімен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі іс-шараларға бастамашылық жасады. Орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесіне аурулардың 10-нан астам жаңа түрі және 22 дәрілік препарат енгізілген», - деп жазды министрлік.

Ведомство ағымдағы жылы амбулаториялық қамтамасыз ету аясында шамамен 2,5 млн қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алатынын да атп өткен.


Юқорига