Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

16 мамыр күні Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді

14 Май 2021 07:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жексенбіде НҰр-Сұлтанда тағы да автобус қатынамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты.

«16 мамыр, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады» делінген хабарламада.

Автобустарда дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қатаң сақталуға тиіс. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды.

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.


Калит сўзлар: Нұр-Сұлтан, Коронавирус, Карантин, Қауіпсіздік, Көлік,
Юқорига