Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зимбабвенің экс-президенті ай сайын $150 мың алатын болды

2017 жылдың 26 қараша 2017 08:51

АСТАНА. ҚазАқпарат - Роберт Мугабенің Зимбабве президенті лауазымынан кетуіне байланысты жасалған келісім бойынша оған 10 миллион доллар төлеу қарастырылып отыр.

Бұл соманың жартысы бірден беріледі. Бұдан кейін ол өмір бойы ай сайын 150 мың доллардан алып отыратын болады. Бұл туралы сенбі күні The Guardian газеті осы елдің билік басындағы партиясындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның жазуынша, экс-президент қайтыс болған жағдайда оған еріне тағайындалған соманың жартысы төленетін болады.

Еске сала кетсек, елді соңғы 37 жыл бойы басқарған Роберт Мугабе 21 қарашада отставкаға кеткенін жариялаған болатын.

Автор Ерлан Қожакелдиев
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай