Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жылжымайтын мүлікке қатысты қате мәліметті түзету сервисі іске қосылды

2020 жылдың 9 шілде 2020 14:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтерді түзету сервисі іске қосылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірқатар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, түзету сервисін іске қосуды уәде еткеніміз естеріңізде болар. Егер мемлекеттік органдардың деректер базасында өзіңізге қатысты қате мәлімет болса, сіз ол туралы қашықтан хабардар ете аласыз. Ал, бүгін жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтерді түзету сервисі іске қосылды. Енді құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін қоса тіркей отырып, мәліметтің қате екенін хабарлауға болады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, көпшілік министрден eGov порталында айыппұлдың бар-жоғын тексеру немесе төлеу барысында бұзушылық бойынша хаттаманы және фотоны көру мүмкіндігін жүзеге асыруды сұраған.

«Бұл мәселені Бас прокуратурамен пысықтап, порталда қолжетімді еттік. ТЖ кезінде eGov порталында уақытша ұсынылған жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді ресімдеуге өтініш беру қызметін қайтадан іске қосу туралы да маған жазған едіңіздер. Бұл мәселені де Еңбек министрлігімен пысықтадық және қайтадан іске қостық. Сондай-ақ, Еңбек министрлігі көрсететін қызметтердің 24-ін өтінішті жіберу сервисі арқылы алуға болады»,- деді Асқар Жұмағалиев.


Жоғары қарай