Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл соңына дейін 7 мыңнан астам астаналық үлескердің мәселесі шешіледі

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл соңына дейін құрылысы бітпей, проблемаға айналған 57 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда құрылыс» компаниясының басты мақсаты - бітпей қалған проблемалы құрылыс нысандарын аяғына дейін жеткізу және алданған үлескерлердің мәселесін шешу. Аяқталмай қалған нысандардың құрылысына қаржы ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджеттен қарастырылып отыр. Басты шарт - жұмсалған қаржы қазынаға қайтарылуы тиіс. Демек кінәлілер өтейді», - деді Дәулет Досқұлов қалалық мәслихаттың отырысында.

Оның айтуынша, үлескерлердің мәселесі елорда әкімдігінің ерекше бақылауында.

«Статистикаға келсек, 2018 жылы елордада құрылысы бітпей, проблемаға айналған 150 тұрғын үй болды. 2019 жылы қала әкімдігі 13 тұрғын үй құрылысын аяқтап, 2,5 мың үлескердің мәселесін шешті. Өткен жылы 20 проблемалы тұрғын үй өз шешімін тауып, үлескерлер қоныс тойын тойлады. Биыл жыл басталғалы қала әкімдігі 98 құрылысы проблемаға айналған нысанды өз бақылауына алды. Бұл дегеніміз 10 мыңнан астам үлескер деген сөз. Оның ішінде «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында 27 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 57 проблемалы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, 7400-ден астам үлескердің мәселесі шешілмек», - дейді ол.


Жоғары қарай