Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жыл сайын еліміздің аумағында 60-қа жуық есірткі плантациясы анықталады – ІІМ

2022 жылдың 16 мамыр 2022 12:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын Қазақстан аумағында 60-қа жуық есірткі плантациясы анықталады. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын «Қарасора» ауқымды операциясы барысында біз гашиш пен марихуананы дайындау, сақтау және өткізудің мыңнан аса дерегін анықтаймыз. Сонымен қатар, оңтүстік аймақтарда, шалғай аудандарда, үнді марихуанасының үлкен плантациялары өсіріледі. Мұндай алқаптарда қылмыскерлер есіірткіні жинау үшін жасырын қоймалар жасақтайды, өсімдіктерді тамшылатып суару жүйесін құрып жатады. Осы алқаптарға назар аудартпау үшін жұмысшылар мамыр айынан қазанға дейін егіс басында тұрып жұмыс істейді. Оларға азық-түлік пен барлық қажетті заттар жеткізіліп отырады», - деді деді деді А. Мұхаметқалиев онлайн брифинг барысында.

Оның айтуынша, осындай фактілерді анықтау ведомство маусым мен қазан аралығында Қызылорда облысы мен оған іргелес аудандарда тікұшақпен барлау жүргізіледі.

«Жыл сайын осындай 60-қа жуық плантация анықталып, жойылады. Бұл шамамен марихуана егілген 20 гектар жер. Жыл сайын 20 тоннадан астам есірткі тәркіленеді», - деді департамент өкілі.

«Маусым айы ішінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында елімізде кең ауқымды профилактикалық акция өткізілетін болады. Қазірдің өзінде оның ұйымдастырылуына республикалық және жергілікті деңгейде барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар тартылып отыр», - деді Асқар Мұхаметқалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 4 айда еліміздің аумағында 11 есірткі зертханасы жойылды.

Есірткінің трансұлттық арнасын жою кезінде 13 қазақстандық ұсталды.

Жыл басынан есірткі таратуға қатысты 655 интернет-ресурс анықталды.



Жоғары қарай