Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жыл сайын елімізде жем-шөп қажетті нормадан 2 есе аз дайындалады - министр

2022 жылдың 17 мамыр 2022 10:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін тиісті жем-шөп базасы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін тиісті жем-шөп базасы қажет. Жыл сайын елімізде жем-шөп қажетті зоотехникалық нормадан 2 есе аз дайындалады. Жем жетпеген соң, оның бағасы да қымбаттай береді», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы құрғақшылық немесе жайылымдардың тозуы сияқты табиғи-климаттық жағдайларды да ескеру керектігін баса айтты.

«Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын көбейтіп, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын жаңғыртуы қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыруға басымдық беру керек», - деді Әлихан Смайылов.


Жоғары қарай