Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жыл қорытындысы бойынша ФИФА рейтингіндегі Қазақстан құрамасының орны анықталды

2021 жылдың 23 желтоқсан 2021 16:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингінің 2021 жылғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Үздік үштікте бұрынғысынша Бельгия, Бразилия және Франция тұр.

Қазақстан құрамасы 119-шы орында қалып, алдыңғы көрсеткішін өзгерткен жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері соңғы кездесуін 16 қарашада өткізді. Олар өз алаңында Тәжікстанды 1:0 есебімен ұтқан еді.

2021 жылғы 23 желтоқсандағы ФИФА рейтингі:

1 (1). Бельгия — 1828

2 (2). Бразилия — 1826

3 (3). Франция — 1786

4 (4). Англия — 1755

5 (5). Аргентина — 1750

6 (6). Италия — 1740

7 (7). Испания — 1704

8 (8). Португалия — 1660

9 (9). Дания — 1654

10 (10). Нидерланды — 1653

25 (25). Украина — 1535

34 (34). Ресей — 1493

84 (84). Өзбекстан — 1274

85 (86). Грузия — 1269

92 (92). Армения — 1242

94 (95). Беларусь — 1233

96 (96). Қырғызстан — 1228

107 (107). Эстония — 1176

116 (115). Тәжікстан — 1152

119 (119). Қазақстан — 1140

120 (120). Әзербайжан — 1139

133 (133). Түркіменстан — 1117

134 (134). Латвия — 1100

136 (136). Литва — 1091

181 (181). Молдова — 928.



Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай