Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан бері халықты вакциналауға 61 млрд теңге жұмсалған

2021 жылдың 28 шілде 2021 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жыл басынан бері халықты вакциналауға қанша ақша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылға вакцина сатып алу үшін 95 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Соның 61 млрд теңгесі вакциналар мен оны егуге қажет шприц алу үшін жұмсалды. Сонымен қатар, стационалардағы науқастарға көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін беріліп жатқан қосымша ақша бар. Оның мөлшері өткен айларда 89 млрд теңге болды. Ол ай сайын медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша беріліп отыр», - деді вице-министр.

Ведомство өкілі науқастарды емдеуге қанша қаражат жұмсалғанын да атап өтті.

«Сонымен қатар қаржы коронавирус ауруларын емдеуге, оның алдын алу шараларына бөлініп жатыр. Республикалық бюджеттен коронавирус инфекциясы расталған науқастарды емдеуге 80 млрд теңге жоспарланған. Қазір соның шетінен әрбір медициналық ұйымға бөлініп отыр. Сақтандыру қорынан коронавирусы дәлелденбеген немесе коронавирус пневмониясымен ауырған адамдарды емдеу үшін 17 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған», - деді Ажар Ғинаят.


Жоғары қарай