Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан бері «Еңбек» мембағдарламасына 286 мыңға жуық адам қатысты

2021 жылдың 23 маусым 2021 10:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 285,8 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап атйқанда, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 210,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 107,1 мыңы – тұрақты.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 7,4 мың адам жіберілді.

Өз ісін ашу үшін 2 мыңнан астам адам жеңілдікті микрокредиттер, ал 11,1 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 111,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 14,3 мың адам; жастар практикасына – 9,9 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 87,5 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 745 отбасы немесе 2 383 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 072 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 701 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 40 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адамы бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.


Жоғары қарай