Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мамыр айында елімізде 21 бала терезеден құлаған

2020 жылдың 1 маусым 2020 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының басшысы Орал Абдрахманов мамыр айында елімізде балалардың терезеден құлауының 21 дерегі тіркелгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың терезеден құлауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өкінішке қарай, мамыр айының өзінде балалардың терезеден құлауының 21 оқиғасы тіркелді. Осыған байланысты комитет тарапынан мемлекеттік стандарттарға тиісті өзгерістер енгізілді», - деді О. Абдрахманов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның пайымынша, қабылданған шаралар жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік жасайды.

Осы орайда басқарма басшысы балалардың жарақаттануы мен терезеден құлауына жол бермес үшін мемлекеттік стандартқа терезе блоктарындағы қауіпсіздік құлыптарын толықтыру туралы талап көзделгенін назарға ала отырып, тиісті ұсыныстар жолданғанын жеткізді.





Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айында еліміздің өңірлерінде балалардың терезеден құлауының бірқатар дерегі тіркелді. Жақында Степногор қаласында 3 жасар қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті.

Биыл елордада балалардың терезеден құлауының 9 фактісі анықталды.

Таяуда Ақтауда бір жасар сәбидің көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені белгілі болды.






Жоғары қарай