Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндірілді - министрлік

2021 жылдың 18 маусым 2021 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы аласының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға артып, 1 110 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2%-ға ұлғаюы (1 039,4 млрд. теңге) есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 5,5%-ға, сүт өндірісі 3,1%-ға өсті.

Аталған кезеңде өсімдік шаруашылығы өнімдері 58,3 млрд. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 100%-ды құрады. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен қамтамасыз етілді.

Облыстар бойынша республикалық деңгейден жоғары қарқын төрт облыста байқалды: Ақмола – 113,8%, Павлодар – 103,9%, Батыс Қазақстан және Қарағанды-103,3%.

Басты сөздер: Ауыл шаруашылығы, ҚР АШМ,
Жоғары қарай