Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жүздеген адам Нұр-Сұлтан көшелерін қардан тазартуда

2020 жылдың 25 қазан 2020 16:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жүздеген адам және техника қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, осы уақытта «Байқоңыр» ауданында 107 арнайы техника жолдарды тазартуда.

«Бірінші кезекте орталық көшелердің бойы, жаяу жүргіншілер жолы, сонымен қатар аялдамалар мен тротуарлар тазартылуда. Сондай-ақ көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасы шашылып жатыр. Жұмыстарға арнайы техникамен қоса, 300-ге жуық адам жұмылдырылды», - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.



Осындай жұмыстар өзге аудандарда атқарылуда. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді.

«Сарыарқа» ауданында қазіргі уақытта қардан тазартумен 19 мердігерлік ұйым айналысуда. Барлығы 159 арнайы техника және 371 жол жұмысшысы тартылған.

Еске салайық, бүгін астанада қар жауып, айналаны ақ ұлпа басты. Синоптиктер ертең, 26 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасап отыр. Қалада қатты көктайғақ, нөсер жауын, 21 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Жақында Қазгидромет алдағы қыс айындағы ауа райына болжамын жариялаған еді.




Жоғары қарай