Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жусан» операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты

2021 жылдың 13 шілде 2021 16:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жусан» гуманитарлық арнайы операциясы аясында жүргізілген ауқымды жұмыстар туралы баяндайтын «Рақымды ұйғарым» деректі фильмі жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​ҚР ҰҚК дайынаған фильмде ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметкері алғаш рет қарулы қақтығыс аймағында болу жағдайларын, арнайы операцияның дайындық процесін ашады, қазақстандық азаматтарды Сириядан қайтару бойынша бірегей операцияны жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары туралы әңгімелейді.


​Сондай-ақ отандастарымызды репатриациялау, әлеуметтендіру және оңалту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, қазіргі ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Ашықбаев әңгімелейді.


Жоғары қарай