Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жұмыс іздеп кеткен  57 жастағы ер адам табылмай жатыр - Ақмола облысы

2020 жылдың 1 шілде 2020 19:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жұмыс іздеп кеткен ер адамға полиция іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, маусымының 23-де Бұланды аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Макинск қаласының тұрғыны 51 жастағы әйел хабарласып, 1963 жылғы күйеуі Михаил Иванович Поповты іздеп табуға көмек сұрады. Әйелдің айтуынша, күйеуі 4 маусым күні Ақкөл ауданының Новорыбинка ауылы аумағынан жоғалып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ.

Михаил Ивановичтің бойы 165-170 см, дене бітімі арықша, шашы ағарған, қысқа қырқылған, мұртты. Жоғалған кезде үстінде ақ көйлек және қара шалбар киген.

«Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оның туыстары мен таныстарын, жоғалғаны күні соңғы рет көрген адамдарды сұрастыруда. Сонымен бірге арнайы топ облыс аумағынан іздестіруде. Михаил Поповты көрген немесе жүрген жерін білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне қоңырау шалуына немесе тәртіп сақшыларына хабарлауына болады», - дейді ведомстводан.





Жоғары қарай