Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Жұмыс істейтін әр қазақстандықтың баспанасы болуы керек - Мархабат Жайымбетов

2019 жылдың 6 қараша 2019 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алғалы елімізде 141 млн шаршы метр үй салынып, 1 млн 300 мың адам тұрғын үй жағдайын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

«2019 жылы мемлекеттің қолдауымен елімізде 30 мың адам жалдамалы пәтермен қамтамасыз етілді. Биыл маусым айынан бастап «Бақытты отбасы» жобасы іске қосылды. Бұл бағдарлама аясында 5 мыңнан астам көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асырап отырған отбасылар әлеуметтік қолдауға ие болды», - дейді Мархабат Жайымбетов.

Оның айтуынша, келесі жылы бұл көрсеткіш 10 мың адамға өседі.

«Тұрғын үй саясатының идеологиясы мынадай - жұмыс істейтін әр қазақстандықтың баспанасы болуы керек. Тұрғын үй және коммуналдық салада жүргізілетін бірыңғай саясат - халық саны өсімін, олардың ауылдан қалаға көшу үдерісін, сонымен қатар әр өңірдің ерекшелігін есепке ала отырып, елді мекендердің жайлы тіршілік ортасын дамытуға кешенді көзқарасын қамтамасыз ету», - дейді ол.

Жоғары қарай