Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Жұмыс істеу жағдайына шағымданған елордалық дәрігерлер жұмыстан қуылмайды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 19:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс істеу жағдайына шағымданған елордалық медицина қызметкерлері жұмыстан қуылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында басқарма басшысына БАҚ өкілдерінен стационардағы жұмыс жағдайына қатысты шағымданған елордалық медицина қызметкерлерінің мұнан арғы тағдырына қатысты сауал түскен болатын.

«Мұндай факті орын алды. Әріптестеріміз, инфекциялық стационарда жұмыс істейтін орта медициналық қызметкерлер әлсіздік танытып, сондай жағдай орын алды. Бүгінгі күні олар карантинде, яғни, екі апталық демалыста. Содан кейін олар өздерінің қызметтік міндеттеріне кірісетін болады. Жоспарымызда олармен қош айтысу жоқ. Олар бізбен бірге», - деді ол.


Жоғары қарай