Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұмыс берушілер еңбеккерлеріне зиянды жұмыс жағдайы үшін 141,5 млрд теңге төлеген

2021 жылдың 15 маусым 2021 13:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов өндірістік жарақат пен зиянды еңбек жағдайларын азайту шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыскерлердің қолайсыз еңбек жағдайы экономикалық шығындарға әкеп соғады. Жыл сайын өндірісте жарақат алып, уақытша еңбекке жарамсыз болған азаматтарға жұмыс беруші тарапынан 1,5 млрд теңге төлем жүргізіледі. Жұмыскерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру үшін жұмыс берушілер жыл сайын сақтандыру компанияларына 30 млрд теңгеден астам сақтандыру сыйақыларын аударады», - деп атап өтті С. Шәпкенов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар жұмыс берушілер 2020 жылы зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс үшін әртүрлі өтемақыларға 141,5 млрд теңге жұмсаған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

«2014 жылдан бастап 13 мыңнан астам жұмыс беруші жыл сайын зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлері үшін 40 млрд теңгеден астам міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды. Өз кезегінде жұмыс берушілер жұмыскерлерді басқа қауіпсіз жұмыс орындарына ауыстыру арқылы, жұмыс жағдайын жақсарту арқылы аталған шығындарды қысқартып, жүктемесін азайтуға болар еді», - дейді Еңбек министрі.

Министрлік Президенттің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылға дейінгі қауіпсіз жұмыс күшін қамтамасыз ету шаралары жоспарын әзірледі және Үкіметке енгізді.

«Алдағы бес жылда іс-шаралар жоспарында еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орнындағы кәсіптік тәуекелді төмендету үшін жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту көзделген. Оларды іске асыру арқылы 2025 жылға дейін өндірістік жарақаттың үлесін 10%-ға, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің саны 20% төмендеуі жоспарлануда», - дейді Серік Шәпкенов.


Жоғары қарай