Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұмыс беруші комиссия қорытындысымен келісіп отыр – Юрий Ильин Абай шахтасындағы оқиға туралы

2021 жылдың 24 қараша 2021 19:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыс беруші Абай шахтасындағы төтенше оқиға бойынша тексеру жүргізген Үкіметтік комиссия шығарған қорытындымен келісіп отыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтадық. Алдағы уақытта тергеу органдары қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жұмыс істейді. Комиссияның тұжырымдары осындай, актілерге мүшелердің бәрі қол қойды. Жұмыс беруші ондағы дәйектердің бәрімен келісіп отыр. Осы оқиғада қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік пакетті де қарастыруға міндет алды», - деді Юрий Ильин Қарағанды облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде.

Министрдің мәліметі бойынша, комиссия жұмыс беруші «Арселор Миттал» компаниясын еңбек қауіпсіздігіне бағытталатын қаражат көлемін арттыруға міндеттеген.

«Алдағы уақытта «Арселор Миттал» компаниясы көмір кеніші мен металлургия комбинатында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қаржы көлемін ұлғайту бойынша үкіметпен келісімге қол қоюды көздеп отыр», - деді ведомсвто басшысы.

Еске салсақ, 7 қараша күні Қарғанды облысының Абай шахтасындағы төтенше жағдайдан бірнеше кенші қаза тапқан болатын.

Бүгінгі брифинг барысында Юриф Ильин апатта қаза болған жұмысшылардың кінәсі дәлелденбегенін айтты.


Жоғары қарай